ЗАҢ газеті №91 (3720) 26 қараша 2024

ӘРТҮРЛІ

13. КОНКУРС ӨТКІЗІЛЕДІ!
1. «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ 2024 жылғы 25 желтоқсанда Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс №1, Қызылорда облысы әкімдігі ғимаратының 4 қабат, 429 каб. жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:
2.1 Ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты автобус маршруттары: Шиелі-Қызылорда, Қызылорда-Бесарық, әлеуметтік мәні бар тұрақты автобус маршруттары: Ортақшыл-Қызылорда, Тұрсынбай Датқа-Қызылорда, Іңкәрда-рия-Қызылорда, Аққыр-Қызылорда, Жалағаш-Жосалы, Жаңадария-Қызылорда, Көмекбаев-Қызылорда, Тоқмағамбетов-Қызылорда.
2.2 Облысаралық қалааралық тұрақты автобус маршруттары: Әйтеке би-Ақтө-бе, Төретам-Түркістан, Арал-Әйтеке би-Түркістан, Қызылорда-Тараз.
3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1, Қызылорда облысы әкімдігі ғимаратының 4 қабат, 429 каб. бойынша ұсынуы тиіс.
5. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2024 жылғы 11 желтоқсан сағат 18-00 дейін.
6. 2024 жылғы 28 қараша сағат 16-00 конкурстық Комиссия конкурсты өткізу мәселелері жөніндегі конкурс алдындағы конференция өткізеді.
7. Анықтама алу үшін телефондары: 8 (7242) 60-54-75, 60-54-77.


ТАРАТУ

2. «DJENKY COFFEE» ЖШС (БСН 190740034690) өзінің ерікті түрде таратылатыны туралы хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде мына мекенжайда қабылданады: ҚР, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылдық округі, Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі, 27/2 үйі.
4. «JASMJ group» ЖШС (БСН 230540000986) өзінің таратылатын-дығы туралы хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Жансүгіров көшесі, 2-үй, 3-пәтер, тел. 87003002139.
5. «Тоскана Авто» ЖШС (БСН 230340017735) өзінің таратылатын-дығы туралы хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: А01K6F9, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы, 140/4-ғимарат, тел. 87051907880.
10. «Distinction» ЖШС (БСН 230540004176) өзінің таратылатыны туралы хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде мына мекенжайда қабылданады: Астана қаласы, Қонаев көшесі 12/1, тел. 87754407618.
11. «Ырыс балапан» балабақшасы» ЖШС (БСН 180140006861) өзінің таратылатыны туралы хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде мына мекенжайда қабылданады: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ұлжан-1, К.Жалайыри, 177, тел. 87767391500.
12. «Фабрика Дети» ЖШС (БСН 201140035733) өзінің таратылатыны туралы хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде мына мекенжайда қабылданады: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 58В ғимарат, тел. 77011112650.
8. БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК директордың бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Зачаганск кенті, Доспанова к-сі, 2/1; тел. анықтамалар үшін: +7 7112 501602,+7 7477827358, odb_1@mail.ru, 7G бөлмесі.
ШЖҚ «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» МКК қызметінің мәні: қала мен облыстың балалар халқын сапалы, қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Қоғам қызметінің негізгі мақсаты – қала мен облыстың балаларына мамандандырылған, білікті медициналық көмек пен ЖТМК көрсету сапасын арттыру, денсаулықты сақтау және нығайту, стационарлық және стационарлық көмекте халықтың медициналық көмекке қажеттілігін қанағаттандыру; консуль-тациялық-диагностикалық көмек көрсету болып табылады.
Облыстық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысына (директор) қойылатын талаптар:
Медицина саласындағы жоғары білім (бейін бойынша);
«Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық»; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «Денсаулық сақтау» білім беру бағыты бойынша білім және (немесе) «Бизнес және құқық»; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы; денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін – кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;
қа зіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
ден саулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
бас қарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
мед ициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
ден саулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
ота ндық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
еңб ек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
төт енше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру;
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).
Құжаттарды қабылдау басталатын күн және конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі: құжаттар 2024 жылы 26.11.–10.12.аралығында, сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс күндері қабылданады.
Конкурсты өткізу күні: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде. Хабарлама қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
7. Конкурсты өткізу орны: БҚО, Орал қаласы, Зачаганск кенті, Доспанова көшесі, 2/1, конференц-зал.
7. Тері лейшманиозы
Отырар ауданының Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан елді мекендерінде, тері лейшманиозы инфекциясының көзі саналатын үлкен құмтышқандар көптеп кездеседі. Инфекцияның көзі – үлкен құмтышқандар, ал оны таратушылар – москиттер. Тері лейшманиозы ауруының алдын алу мақсатында жылына 2 реттік дезинсекция және дератизация іс-шаралары жүргізіледі.
Табиғи ошақтарда құмтышқандарды жою үшін әрбір елді мекен мен дала қосының айналасында 3 километр радиуста орналасқан кеміргіштердің барлық індері өңделеді;
Дератизация жұмыстары: Ауыл айналасында үлкен құмтышқандар колониясы орналасқан жерлерде дератизациялық іс-шаралардың жүргізілетіндігі жайында жергілікті ауыл әкімшіліктері алдын ала (малдарын өріске уақытша шығармауын) елді мекен халқына хабардар етілуі тиіс.
Табиғи ошақтарда дератизациялық өңдеу барлық індердің саңылауын қалдырмай препараттарды таратып салу жолымен жүргізіледі;
Тері лейшманиозы кезінде дератизациялық өңдеулер жүргізудің оңтайлы кезеңі – мамыр-маусым және қазан-қараша айлары;
Халық арасында алдын ала өңдеу жұмыстары кезінде жүргізілетін іс-ша-раларды түсіндіру:
Дезинсекция жұмыстары: Тұрғын үйде адамдар, үй жануарлар (балық пен құс) жоқ кезде, терезесі жабық бөлмеде жүргізіледі.
Азық-түліктер және ыдыс-аяқтар өңдеуді жүргізбес бұрын сыртқа шығарылып немесе жақсылап жапқан дұрыс. Үй жайлардағы бөлмелерде жылжымалы мүліктерді ортаға жылжытып, өңдеу жұмыстарына жағдай жасалуы керек;
Өңдеу аяқталғаннан кейін 3-сағатқа есік-терезені жауып, содан кейін дезин-секциялық құралдың иісі кеткенше бөлмені желдетіп, дезинсекция жүргізілген бөлмелерге сабынды сумен ылғалды тазалауды жүргізгеннен кейін, үйге кіруге рұқсат етіледі.
ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО» ШЖҚ РМК «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалының
Отырар аудандық дезинфекциялық секторының эпидемиолог көмекшісі
Ә.О.ШОХАЕВ
6. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 қазандағы №847 қаулысының негізінде «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі (БСН 050340005347) оған «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін (БСН 141140012562), «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Атырау қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесін (БСН 240240034892) және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Атырау қаласы)» респуб-ликалық мемлекеттік мекемесін (БСН 240240035117) қосу жолымен қайта ұйымдастыру жүргізілуде.
Шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде Қазақстан Республикасы Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Әуезов көшесі, 53А мекенжайы бойынша қабылданады, тел.: 45-00-00, 45-01-01.
9. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 847 қаулысының негізінде «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі оған «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесін, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авария-лық-құтқару жұмыстары қызметі (Қызылорда қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесін және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы (Қызылорда қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастыру жүргізілуде.
Шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әлихан Бөкейхан көшесі, құрылыс 69 мекенжайы бойынша қабылданады, тел.: 8(7242)700326.


МҰРАГЕРЛІК

3. 2024 жылдың 8 маусымында қайтыс болған Нұрманов Нұрланбек Шіл-манұлының артынан мұрагерлік іс ашылуына байланысты мұрагерлері мен мүдделі тұлғалардың жеке нотариус Қ.Хасановқа хабарласуы қажет. Мекенжайы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, С.Сейфуллин көшесі, 6/5, тел. 87029029090.

if ( function_exists( 'aioseo_breadcrumbs' ) ) { aioseo_breadcrumbs(); }